05.06.2018, 12:17 883 Ольга Рыпакова Ослодағы додада бақ сынайды

Еліміздегі ең танымал жеңіл атлет Ольга Рыпакова «Гауһар лигасындағы» жарыс жолын бастайды. Олимпиада чемпионы атанған жерлесіміз 7 маусым күні Ослодағы додаға сынға түседі, деп хабарлайды«SPORTINFORM» САА ҚР жеңіл атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

7 маусымда өтетін турнир «Гауһар лигасының» екінші кезеңі. Коммерциялық турнирдің алғашы кезеңі мамыр айында Шахнайда өткен болатын. Ольга Рыпакова Қытайдағы жарысқа қатысқан жоқ. Мамырдың екінші жартысында жерлесіміз Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, сол жақтан Ослоға ұшуды жоспарлаған.

Ослода үш қарғып секіру додасына қатысу үшін бар-жоғы 9 танымал спортшы таңдап алынды. Оның ішінде Шанхайдағы «Гауһар лигасында» жүлдегер атанған үш атлет бар. Еске сала кетейік, алғашқы кезеңде колумбиялық Катрин Ибаргуэн 14,80 метрге секіріп, жеңімпаз атанған. Екінші және үшінші орындарда Ямайка келінің өкілдері Шаниека Риккетс (14.55) пен Кимберли Уильямс (14.35) бар.

Мамандардың болжамы бойынша, Ослода Ибаргуэн, Риккетс, Уильямс және Рыпакова жүлде тағдырын шешпекші.

Ольга Рыпакова үшін «Гаухар лигасы» маусымдағы ең алғашқы жарыс. Жерлесіміз аталған додада жүлдеге қол жеткізеді деген сенім мол.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал