21.02.2018, 12:27 796 Олимпиада ойындарына миллионнан астам жанкүйер барады

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен бір миллионға жуық жанкүйер жиналатын болады. Бұл туралы жарыстың атқарушы комитетінің өкілі Сон Пэк Ю айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Сейсенбі күні Олимпиада ойындарын телетарату жұмысының менеджмент директоры Тимо Люмэ Пхенчхандағы доданы әлемнің әрбір үшінші адамы бақылап отыр деген еді.

«Жалпы алғанда Олимпиада ойындарының соңында келген жанкүйер саны миллионнан асатын болады», - деді атқарушы комитет өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, Пхенчхандағы Олимпиаданың аяқталуына 4 күн қалды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал