21.02.2018, 13:45 842 Олимпиада ойындарынан түскен табыс қайда жұмсалады?

Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарынан түскен табыстың тоқсан пайызы спортты дамытуға жұмсалады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) коммуникация директоры Марк Адамс мәлім етті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Атқарушы комитеттің жалпы бюджеті – 2,4 миллиард доллар, оның 1 миллиард долларын ХОК бөлген, - деді Адамс. – Нақты кірісті әлі санап болған жоқпыз, десе де, табыстың 90% спортты дамытуға бағытталатын болады».

Еске сала кетейік, Олимпиада ойындарының аяқталуына 4 күн қалды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал