29.08.2018, 10:13 10455 Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов ширек финалда жеңіліп қалды

Бүгін Джакартадағы Азия ойындарында татами шеберлерінің додасы басталды. Өкінішке қарай, алтынға басты үміткер саналған Елдос Сметов екінші айналымды ұтылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Джакарта татамиінде жеңіліс тапты. Алдымен индонезиялық балуанды "иппон" әдісімен жеңген Елдос екінші айналымда Солтүстік Корея спортшысынан ұтылды. 

Белдесу барысында балуандар екі рет ескерту алды. Ал алтын ұпайға дейін жалғасатын қосымша уақытта Сметов үшінші ескертуін алды. Осылайша, Сметов Азиада чемпионы атағын қорғай алмады. 

Ал 48 келідегі Галбадрах Отцгонцэцэг ширек финалда Солтүстік Корея спортшысын "ваззари" әдісімен жеңді. Жартылай финалда біздің дзюдошы жапониялық балуанға қарсы шығады. 

66 келідегі Елдос Жұмақанов да турнирді сәтті бастады. Ол алғашқы айналымда филиппиндік спортшыны жеңді. Ширек финалда Жұмақановты моңғолиялық спортшы күтуде.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал