16.05.2018, 9:25 174 Олимпиада жүлдегері Фархат Харки ел чемпионатында жеңіске жетті

Шымкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке командалық кубогы мен чемпионатының екінші күні тартысқа толы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған доданың екінші күні жанкүйерлер үшін жарқын эмоциялар мен қайталанбас сәттерге толы болды.
Алдымен ерлер сынға түсті. 62 келі салмақта Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Фархат Харкиге тең келер ешкім болмады. Жұлқи көтеруде бір ғана мүмкіндік пайдаланғанына қарамастан (115+150) спортшы көш бастады. Екінші орынды Қызылорда облысының өкілі Ерасыл Ергенбай (101+135) иеленді. Үшінші орынға тұрақтаған қос бірдей спортшы Владимир Абрамов (106+129) пен Игорь Вовчук (105+130) бәсекені бірдей нәтижемен (235 келі) аяқтады. Алайда, ережеге сәйкес, қола жүлде бұл салмақты алғашқы болып бағындырған Владимир Абрамовқа бұйырды.
Әйелдер арасында 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Сәуле Садуақасова (91+121) жеңімпаз болды. Екінші, үшінші орындарды ШҚО атлеттері Лидия Ануфриева (83+102) мен Елизавета Белоусова (74+92) жеңіп алды. 40 келіде Әсем Садықова қарсыласы Александра Яковлевадан (83+102) озып, бірінші орынға (100+125) қол жеткізді. Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Махаббат Серікболқызы жайғасты. Естеріңізге сала кетейік, ауыр атлетикадан ҚР жеке командалық кубогы мен чемпионатына еліміздің 14 облысынан және Алматы, Астана қалаларынан 132 атлет қатысуда.
Бүгін, яғни 16 мамыр күні жарыс алаңына әйелдер арасында -90 және +90 келі салмақтағы атлеттер шықса, ерлерден 77 келі салмақтың мықтылары анықталады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал