19.08.2018, 18:46 648 Олимпиада жүлдегерін жеңген Дмитрий Алексанин Азия ойындарының финалына шықты

Қазақстандық шпагашы Дмитрий Алексанин Джакартадағы Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Аса тартысты өткен жартылай финал кездесуінде Алексанин Оңтүстік Корея өкілі Джунг Джинсунды 15:13 есебімен жеңді.

Джунг Джинсун Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы атанған өте тәжірибелі спортшы. Ол бүгін тағы бір қазақстандық спортшы Руслан Құрбановты бір ұпай айырмашылығымен жеңіп кеткен болатын. 

Сондай-ақ, биылғы Азия біріншілігінің финалдық сынында Алексанин тап осы спортшыдан ұтылған. 

Бүгін әккі қарсыласынан есе қайтарған Дмитрий Алексанин Азия ойындарының алтынына таласады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал