24.02.2018, 9:16 9162 Олимпиаданың жабылу рәсімінде көптеген қызықты шоулар жоспарланған

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарының жабылу рәсімін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат телеарна сайтына сілтеме жасап.
25 ақпан күні Астана уақытымен сағат 17.00-де «Хабар» телеарнасы Пхенчхан қаласындағы Ақ Олимпиаданың жабылу салтанатын тікелей эфирден көрсетеді. XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары аталмыш кеште дәстүрлі және заманауи мәдениетті бір арнада тоғыстырады. Олимпиада жанкүйерлері Оңтүстік Кореяның танымал рэп-орындаушы CL (Си Эл) және EXO (Экзо) тобының өнерін тамашалайды. Сонымен қатар ашылу салтанатында есте қалған «жарқыраушы дрондардың» көмегімен керемет шоу қойылады деп жоспарлануда.
Жабылу салтанатында ту көтерушілер мен спортшылар шеруі, барлық қатысушы мемлекеттердің достық пен бірліктің символы іспеттес бір бағытта жүріп өтуі, үш мемлекет Грекия, Оңтүстік Корея (2018 жылғы Ойындарды өткізген ел ретінде) және Қытайдың (келесі ойындарды қабылдаушы ел ретінде) туларының көтерілуі, Оңтүстік Корея, Грекия және Олимпиада ойындарының әнұранының шырқалуы, сондай-ақ Олимпиада жалауын Пхенчхан қаласының мэрі Томас Бахқа, ал ол Бейжің қаласының басшысына беруі және Олимпиада алауының сөнуі сынды дәстүрлі элементтер болады. Көпжылдық дәстүр бойынша жабылу салтанатында шаңғы марафонының жеңімпаздарына медальдар жиынтығы табысталады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал