22.07.2018, 17:36 1204 Омар Фраиле «Тур де Франстың» 14-ші кезеңінде топ жарды

«Астана» кәсіби велоклубының намысын қорғайтын испандық Омар Фраиле «Тур де Франс» көпкүндігінің 14-ші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Фраиле 188 шақырымға созылған қашықтықты 4:41:57 уақыт көрсеткішімен жүріп өтіп, мәреге бірінші болып келді. Омар үшін бұл "Тур де Франс" бәйгесіндегі алғашқы жеңіс. 

Бұл кезеңді «Астананың» капитаны Якоб Фульсанг 40-шы орынмен аяқтады. 

Әзірге, алғашқы үштікке өзгеріс енген жоқ. Бірінші орында британдық Герейнт Томас (Sky), екінші орында тағы бір Тұманды Альбион өкілі Кристофер Фрум, үшінші сатыда голландиялық Том Дюмолен (Sunweb). 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал