04.09.2018, 19:09 912 Оңтүстік Кореяда нысана көздеуден әлем чемпионаты басталды

Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында нысана көздеу мен стенд атудан 52-ші әлем чемпионаты басталды. Әлемдік сын 15 қыркүйекке дейін созылады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлем чемпионатына жалпы есебі 90 мемлекеттен 1084 спортшы қатысуда. 

Нысана көздеуден Қазақстан намысын қорғайтын мергендер:

Владимир Исаченко, Юрий Юрков, Александра Малиновская, Зәуреш Байбосынова, Елизавета Король, Рашид Юнусметов,  Комендра Юлия, Пирекеев Игорь, Клейменов Алексей, Мазепа Максим, Старостина Виолета, Ибраев Бахтияр, Мологлы Расим,  Гуров Андрей, Худяков Андрей.

Бас бапкер – Анвар Юнусметов.                                  

Стенд атудан сынға түсетін спортшылар:

Ещенко Александр, Молчанова Анастасия, Орынбай Асем, Мухамедиев Александр (жасөспірім), Ещенко Эдуард, Могилевский Андрей, Коломоец Максим, Хасянов Виктор, Давыдова Анастасия, Дмитриенко Мария, Бердов Руслан, Чикулаев Артем, Середа Оксана, Панарина Ольга, Почивалов Артур (жасөспірім), Почивалов Давид, Рысбекова Сарсенкүл (жасөспірім), Фролов Андрей.

Бас бапкер - Сергей Колос

Қазақстан спортшыларының алдына қойылған ең басты мақсат – Олимпиада ойындарына квота жеңіп алып, чемпионаттың финалдық кезеңіне өту.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал