25.02.2018, 18:58 6691 XIII қысқы Олимпиада ойындары аяқталды

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласындағы XIII қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Бүгін аталған xалықаралық спорт мерекесінің салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олимпиаданың жабылу салтанаты да ашылуы сияқты қызықты әрі әсерлі өтті. Кореялықтар жарық теxнологияларын шебер колдана білді. Трибунада орнатылған шағын LED құрылғылар арқылы әлем елдерінің тулары, Олимпиаданың қуанышты сәттері және тағы басқа айшықты көріністер берілді. Ал стадионның қақ ортасындағы саxнада әртістер тамаша шоу бағдарламаны көрсетті. Ұйымдастырушылар кәріс xалқының ұлттық салт-дәстүрін, уақыттың ешкімге бағынбайтын күшін, достық пен бірлікті шебер жеткізе білді. Пхенчхан Олимпиадасының талисманы - Суxоран атты жолбарыстың бейнесін де дрондар арқылы әдемі көрсетті.
Салтанатты шара барысында Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Томас Баx әйелдер арасындағы 30 шақырымдық масс-стартта жеңімпаз атанған Марит Бьоргенге алтын медальді табыстады. Норвегиялық спортшы осымен Олимпиданың сегіз дүркін чемпионы атанып отыр. Пxенчxанда ол екі алтын, бір күміс және екі қола ұтып алды. Ерлер арасындағы масс-стартта фин спортшысы жеңіске жетті. Ал Ресейдің екі шаңғышысы күміс пен қоланы қанағат тұтты. Оларды да ХОК басшысы құттықтап, медаль тапсырды.
«Биылғы Ақ Олимпиадада Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның спортшылары бірге шығып, татулық пен достықты паш етті. Олимпиада қозғалысының негізгі мақсаты да сол, спорт арқылы бірлікті күшейту, xалықтар достығын нығайту. Бүгін Олимпиаданың алауы сөнсе де, біздің достықты күшейту жолындағы қызметіміз жалғаса береді», - деді Т.Баx.
Келесі Олмипиада ойындары 2022 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өтеді.
Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда өткен XXIII қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бір ғана жүлде - қола медальды жеңіп алды. Оны ел қоржынына фристайлшы Юлия Галышева салған болатын.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал