30.03.2018, 15:28 921 Оралда сурдлимпиадалық чемпионат өтті

Оралда есту қабілеті төмен жасөспірімдер мен жастар арасында еркін және грек-рим күресінен республикалық чемпионат өтті, деп хабарлайды  «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың сайысына еліміздің 8 облысынан 60-тан астам спортшы келді. Сегіз салмақта жеңіске жеткен балуандар жазда Ресейде өтетін әлем чемпионатында жолдама алады.

Мамандардың айтуынша, елімізде сурдлимпиадалық біріншіліктер 10 жыл бойы өтіп жүр.

Биылғы жарысты оралдағы мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған клуб ұйымдастырды. Бұл спорттық мекемеде жастар күрестен бөлек жүзу, гимнастика, шахмат пен дойбы және бадминтон секілді спорттың 10 түрінен шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал