02.05.2018, 16:07 890 Өскеменде дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтеді

3-5 мамыр күндері Өскемен қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Т.Ақтаевты еске алуға арналған Қазақстан Республикасының ашық Чемпионаты өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Ашық Чемпионатқа Қазақстанның 14 облысы, Астана және Алматы қаласы мен Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей мемлекеттерінен дзюдошылар 7 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жарыс Өскемен қаласында «Жекпе-жек» спорт сарайында өтеді.

Екі күнге жоспарланған Қазақстан ашық Чемпионатының жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз:

 

3 мамыр – спортшылардың келу күні

4 мамыр

10:00 – жарыстың басталуы

Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг;

Ерлер: -60 кг, -66 кг, -73 кг;

16:00 – жарыстың ашылуы

16:30 – финалдық кездесулер

5 мамыр

10:00 – жарыстың басталуы

Әйелдер: -63 кг, - 70 кг, -78 кг, +78 кг;

Ерлер: - 81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг;

16:30 – финалдық кездесулер

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал