20.07.2018, 17:32 9173 Өскеменде хоккей матчы Денис Тенді еске алумен басталды

Қазақ спорты қара жамылды. Өскемендік хоккейшілер де Денис Теннің қазасын ауыр қабылдады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Қалада шайбалы хоккейден өтіп жатқан астаналық және шығыс қазақстандық жас хоккейшілердің достық кездесуі әйгілі спортшыны еске алумен басталды. Үлкенді де, кішіні де өнеріне тәнті еткен сайыпқыранның кәсіби шеберлігі жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі сақталмақ. «Денис Теннің додалы жарыстардағы жанкештілігі мен еңбекқорлығы көпке үлгі» дейді спортшылар.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал