10.07.2018, 11:31 1296 Өскеменде волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионаты басталады

11-18 шілде аралығында Өскеменде волейболдан әйелдер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты өтеді. Спорттық күнтізбедегі маңызды додаға құрлықтың 9 командасы қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Командалар үш топқа бөлінген. «А» тобында Тайланд, Жапония және Қытай құрамалары кім мықтыны анықтайды. Қазақстан, Қытайлық Тайпей және Иран құрамалары «В» тобында ойнаса, «С» тобына Вьетнам, Индонезия және Шри-Ланка құрамалары шоғырланды. 

Айта кетейік, волейболшылар мамырдың аяғында Түркия елінде екі апталық жаттығу жиындарын өткізді. Клубтар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы ойынды қазақстандықтар Иранға қарсы өткізеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал