20.09.2018, 19:47 1891 Отгонцэцэг Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанды

Бүгін Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан Әлем чемпионаты басталды. Әлем біріншілігін жеңіл салмақтағы дюдошылар бастады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан сапынан ерлерден 60 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев шықса, әйелдер құрамасынан 48 келіге дейінгі салмақта Галбадрах Отгонцэцэг белдесті.

Отгонцэцэг Галбадрах Әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды. Қазақстандық дзюдошы шешуші жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Мунхбат Уранцэцэгтен басым түсті.

Ол бірінші белдесуінде бразилиялық Габриела Шибаноны, екінші айналымда испаниялық Лаура Мартинез Абеленданы ұтты. Алайда, ширек финалда Еуропа Чемпионы украиналық Дарья Белодедқа есе жіберіп, жартылай финалға шыға алмады. Ал жұбаныш белдесуінде Словения спортшысы Маруса Штангерді иппонмен жеңіп, Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта қатысқан Ғұсман Қырғызбаев іріктеу кезеңінің үшінші белдесінде бразилиялық спортшы Эрике Такабатикеге есе жіберіп, жарыстан шықты. Ол өзінің бірінші кездесуінде түркиялық Сахин Ахмед Кабаны иппонмен, екінші айналымда монаколық Ян Циккардиден айласын асырған болатын.

 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Бакуде дзюдодан Әлем чемпионаты жалауын көтерді. Жылдың ең мазызды ддодасына әлемнің 125 елінен 758 дзюдошы қатысып жатыр. Әлем біріншілігі 27 қыркүйекке дейін жалғасады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал