06.04.2018, 10:37 885 «Өзімді Головкинды жеңген сияқты сезінемін» - Дэниэл Джейкобс

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) поляк Мацей Сулецкиге (26-0, 10 КО) қарсы жекпе-жекке дайындалып жатыр, алайда ол Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) ықтимал реванштың ойында жүргенін айтты.

«Бұл маған мотивация  береді. Мен бірінші айқаста GGG-ды жеңген сияқты сезінемін және менің жоспарымда реванштың болғаны баршаға мәлім - бұл жерде жасыратын ештеңе жоқ!», - деп жазды  туиттерде оның Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы Джейкобстың сөзін келтіріп.

Джейкобс - Сулецки жекпе-жегі 28 сәуірде Бруклинде өтеді (Нью-Йорк, АҚШ).

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс 2017 жылдың 18 наурызында Нью-Йоркте айқас өткізген еді. Ол төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталған.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал