09.10.2018, 12:12 699 Панарин топтағы екінші кездесуін жеңіспен аяқтады

Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бадминтоншы Дмитрий Панарин өз тобындағы екінші кездесуін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Панарин Фиджим аралдарының өкілі Ким Чанг Хоны 2:0 (21:5, 21:3) есебімен жеңді. 

Бірінші айналымда Дмитрий молдовалық Кристиан Савинді 2:1 есебімен жеңген болатын. 

Өз тобындағы соңғы кездесуде жерлесіміз жапондық Нарока Кодайға қарсы кортқа шығады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал