18.03.2018, 18:16 9003 Паралимпиада: Қазақстан жалпыкомандалық есепте 20-орынға табан тіреді

Пхенчханда өткен қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 1 алтын медальмен 20-орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Paralympic.org-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар 20-орынды Қытай делегациясымен бөлісіп тұр. 13 алтын, 15 күміс және 8 қола медаль алған АҚШ бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Бейтарап Паралимпиада Атлеттері командасы ретінде жарысқа қатысқан ресейліктер алды, олардың еншісінде қысқы Паралимпиаданың 8 алтыны, 10 күміс және 16 қола медаль бар. Үшінші орынға жалпы 28 медальды жеңіп алған (8-4-16) Канада спортшылары табан тіреді. 

Еске сала кетейік, қазақстандық шаңғышы Александр Колядин айтулы жарыста Қазақстан құрамасының тарихи алғашқы алтын медалін жеңіп алған болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал