06.03.2018, 13:32 895 «Париж – Ницца»: Луис Леон Санчес 11-ші орынға көтерілді

«Париж – Ницца» көпкүндігінің екінші кезеңінде «Астана» велоклубының шабандозы Луис Леон Санчес Франция классификациясында 21-ден 11-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі команданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Екінші кезеңді бірқалыпты еңсердім, алайда, соңғы екі сағатта тобымыз жоғары жылдамдықты ұстап тұрды. Финалда әріптестерім жоғары позицияны сақтап қалуыма сеп болды», - деді Луис Леон Санчес.

Екінші айналым кезінде ауа-райы өте қолайлы болды. Шабандоздар Орсонвилдан жарысқа қосылып, 187,5 километрден кейін Вьерзонде аяқтады.  

Ақтық спринтте голландиялық Дилан Груневеген жеңіске жетсе, екінші орын италияндық Элиа Вивианиге бұйырды. Ал, неміс Андре Грайпель үшінші болып келді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал