04.05.2018, 18:48 856 Париж Олимпиадасының өту уақыты белгілі болды

 

Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының өту уақытын бекітті. Бұл туралы арнайы баспасөз-мәслихатында ХОК президенті Томас Бах мәлімдеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Францияның астанасындағы жазғы Олимпиада ойындары 2024-ші жылы, шілденің 26-ы мен тамыздың 11-і аралығында өтеді.

Былтыр қыркүйек айында ХОК тұңғыш рет өз тарихында екі жазғы Олимпиаданың өту орнын бір уақытта жариялаған болатын. Осылайша, 2024 жылы Олимпиада ойындары Парижде, ал 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін болды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал