17.07.2018, 9:31 598 Парижде ұлттық құраманың жеңісінің құрметіне алты метро стансасының аты өзгертілді

Париж қала көлігі автономдық басқармасы Франция ұлттық құрамасының Ресейдегі футболдан әлем чемпионатында жеңіске жетуінің құрметіне алты метро стансасының атауын уақытша өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ТАСС.

Стансалардың атауы бұрынғы аттарын сақтай отырып, сөздерді ойнату арқылы өзгертілген. Осылайша, Victor Hugo стансасы құраманың капитаны және қақпашысы Уго Льористің құрметіне Victor Hugo Lloris деп ауыстырылды. Notre-Dame des Champs стансасы команданың бас бапкері Дидье Дешаманың құрметі үшін Notre Didier Deschamps атауына ие болды. Сондай-ақ, Елисей даласындағы метро стансаларының бірі Сhamps-Elysees - Clemenceau енді Deschamps Elysees - Clemenceau деп аталатын болады.

Команданың бас бапкері мен ойыншылары дүйсенбі күні Елисей даласымен жүріп өтеді, кейін оларды Франция президенті Эмманюэль Макрон Елисей сарайында қабылдайды.

Құраманың құрметіне Елисей даласындағы тағы бір метро стансасы - Charles de Gaulle - Etoile-дың аты ауыстырылады. Ол On a 2 Etoiles (Бізде енді ек жұлдыз бар) деп өзгермек.

Avron стансасының атауы Nous Avron Gagne (Біз жеңдік), ал төңірегінде спорт кешені, қаржы министрлігі орналасқан Bercy стансасы Bercy les Bleus («Көктерге» рақмет) деген атқа ие болды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал