25.07.2018, 22:54 894 Павар Әлем чемпионатындағы ең үздік голды соқты

Футболдан Франция құрамасының қорғаушысы Бенжамен Павардың 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалы матчында Аргентина командасының қақпасына соққан голы турнирдің үздік голы атанды. Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетсек, Франция - Аргентина матчы 4:3 есебімен француздардың жеңісімен аяқталған болатын. Павар кездесу аргентикалықтардың пайдасына 2:1 есебімен болып тұрған кезде, 57-інші минутта гол салды.

Бұған дейін оңтүстікамерикалықтар қатарынан екі рет гол салып та үлгерген еді. Бір қызығы, бұл Франция құрамасының сүрініп тұрып жеңіп кеткен жалғыз ойыны болды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал