08.11.2018, 10:14 394 Пірмаммад Әлиев әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Санкт-Петербургте батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты басталды. Әлемдік сынның алғашқы жарыс күнінде сынға түскен қазақстандық Пірмаммад Әлиев жартылай финалға өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлиевпен бірге жалпы есебі 85 спортшы бақ сынауда. Қазақстандық гимнаст әзірге26-шы орында тұр. Екі жаттығу қорытындысы бойынша ол 107.200 ұпай жинаған. 

Көш басында тұрған қытайлық Лей Гао біздің жерлесімізден жеті ұпай артық жинады. Тағы бір қазақстандық спортшы Данияр Түсіпов іріктеу кезеңінен өте алған жоқ. 

Пірмаммад Әлиев 10 қараша күні жартылай финалда бақ сынайды. 

Еске сала кетейік, әлем чемпионатына Қазақстан атынан бес спортшы қатысуда. Әлиев пен Түсіповтен бөлек, Александр Ромахов, Зухриддин Имамов, Рустам Юсуповтер ел намысын қорғайды. Олар акробатикалық жолақта өнер көрсетеді. 

Пірмаммад Әлиев 2018 жылғы Азия ойындарының жүлдегері.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал