06.03.2018, 11:53 927 Полторанин атақты швед шаңғышысының рекордын бұзды

Финляндияда өтіп жатқан Әлем кубогының 15 километр шақырымды құрайтын классикалық стилінде Алексей Полторанин жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Қазақстандық спортшы айтылған қашықтық бойынша ең көп жарысты жеңген шаңғышы ретінде тіркелді (8 рет). Ол атақты швед шаңғышысы Гунде Сванды басып озып, өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бері жаңартылмаған көрсеткішке қол жеткізді.

Гунде Сван – Олимпиада ойындарының 4 дүркін чемпионы, 7 рет әлем чемпионы атағын жеңген спортшы.

Әлем кубогы. Лахти

1. Алексей ПОЛТОРАНИН (Қазақстан) – 33:11,9

2. Александр Большунов (Ресей) +9,1

3. Йиво Нисканен (Финляндия) +20,9

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал