27.06.2018, 9:39 834 Полторанин жас шаңғышыларға шеберлік сағатын өткізді

Шаңғымен жарысудан ұлттық құраманың үздігі Алексей Полторанин Щучинскідегі спорт мектебінің оқушылары үшін ашық сабақ өткізді. Танымал спортшының ашық сабағы жаңа спорттық базаның тас жолында өткен,деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде танымал спортшылардың жастарға шеберлік сағаттарын өткізуі елімізде дәстүрге айналып келеді. Мұндай шараларға спортқа енді қадам басқан шаңғышылар мен жалпы білім беретін мектептердің және аула клубтарының жеткіншектері қатысуда.

Ашық сабақ барысында Алексей Полторанин жас шаңғышыларға кішігірім шеберлік сағатын өткізіп, балаларға техникасын жақсартуға қатысты ақыл-кеңесін айтты. 

Сондай-ақ Полторанин кәсіби спорт әлемі туралы қызықты әңгімелерін айтып, өзінің күн тәртібін, алғаш қатысқан халықаралық жарыстарын еске алып, балаларға үлкен спортта сәттілік тіледі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал