28.02.2018, 11:05 840 Попко Уругвайдағы турнирдың екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (АТР рейтингінде 241-ші орында) Уругвайдың Пунта-дель-Эсте қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Біздің жерлесіміз айтылған турнирдің алғашқы кезеңінде аргентиналық Факундо Багнисты (188) үш сетте де жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Есеп –   6:4, 3:6, 7:6 (7:3).

Айта кетейік, бұл қос теннисші арасындағы алғашқы кездесу болып жазылды.

Енді Попко бұл жарыстың 1/8 финалында тағы бір аргентиналық Хуан Лондеромен кездеседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал