22.07.2018, 18:58 589 President’s Cup-2018: Денис Евсеев жұптық сында жеңіліс тапты

Отандық теннисші Денис Евсеев үндістандық Аржун Кадхемен жұптасып өнер көрсетіп, Астанадағы Президент Кубогі турнирінің финалына жеткен болатын, хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Өкінішке қарай, финалдық сында олар ресейлік Милаил Ельгин мен беларус Ярослав Шила жұбына жол берді. 

Қарсыластар Евсеев пен оның жұбын 7:5, 7:6 есебімен жеңіп кеткен. 

Денис Евсеев жекелей сында да жеңіліс тапты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал