22.05.2018, 21:14 890 Путин Назарбаевты футболдан әлем чемпионатына шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі мәселелерін талқылады.

Ресей басшысы Қазақстан Президентін Мәскеуде таяуда өтетін футболдан әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысуға шақырды.

  • Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионаты осы жылдың 14-ші маусым айында басталады.
  • Бұған дейінгі әлем чемпионаты 2014 жылы Бразилияда өткен еді.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал