07.06.2018, 18:35 713 Путинцева Бухаресттегі турнирге қатысады

16-22 шілде аралығында Румыния астанасы Бухарестте өтетін WTA турнирінің қатысушылары анықталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Аталған турнирге қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да қатысады. Айта кетейік, Бухаресттегі турнирдің соңғы жеңімпазы Ирина Бегу де осы жарыста бақ сынайды.

Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз жақында ғана «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында әлемнің 13-інші ракеткасы Мэдисон Кизге жол берген еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал