13.02.2018, 20:29 535 Путинцева Дохадағы турнирден шет қалды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (ӘТА рейтингінде 81-ші орында) Дохадағы турнирдің бірінші айналымында сүрінді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» тілшісі.

Біздің жерлесіміз айтылған турнирде чехиялық теннисші Маркета Вондрусовамен кездесіп, жеңіліп қалды.

Алғашқы сетте Юлия өзінің соққыларын далаға ұшырып, жеңісті оңай беріп қойды. Есеп – 3:6. Ал, екінші партияда позициялық қателіктерге жиі бой алдырып, 1:6 есебімен жарысты аяқтады.   

Айта кету керек, Катардағы «Premier» санатындағы турнирдің жүлде қоры 3 миллион 173 мың долларды құрайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал