02.07.2018, 12:43 698 Путинцева – Қазақстанның бірінші ракеткасы. Ол жаңартылған рейтингте Диясты басып озды

Әйелдер теннисі ассоциациясы өзінің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

ТОП-3 тағы да еш өзгеріссіз қалды. Румыниялық Симона Халеп рейтингтің көшін бұрынғыдай бастап келеді. Ал үздік үштікке даниялық Каролин Возняцки мен испаниялық Гарбинье Мугуруса кірді.

Қазақстандық Юлия Путинцева айтылған тізімде екі сатыға жоғарылап, еліміздің бірінші ракеткасына айналды. Путинцева қазір 53-ші орынға жайғасып, Зарина Диястан (54) басып озды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал