10.09.2018, 17:24 9064 Путинцева Хиросима турнирінің екінші айналымына шыға алмады

Жапонияның Хиросима қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің бірінші айналымында қазақстандық Юлия Путинцева словакиялық Анна Шмидловамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құрайтын аталмыш жарыста Ю.Путинцева үшінші ракетка болып тіркелген еді.
Бірінші партияда әлемдік рейтингте 83-інші сатыда тұрған Словакия өкілі 6:2 есебімен басым түсті. Содан кейін арқасын ауырсынған қазақстандық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты. Кездесу 46 минутқа созылды.
А.Шмидлова ширек финалға шығу үшін швейцариялық Виктория Голубичпен таласады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал