16.10.2018, 11:05 9692 Путинцева Кремль Кубогында қарсыласын тас-талқан етті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Мәскеудегі турнирдің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Путинцева алғашқы кезеңде румыниялық Ирина Бегумен кездесіп, 6:2, 6:0 есебімен тізе бүктірді. Ал, матч небәрі 1 сағат 9 минутқа дейін созылды.

Енді отандасымыз айтылған кубоктың ширек финалына шығу үшін латвиялық Анастасия Севастовамен күш сынасады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал