- ЖАҢАЛЫҚТАР
- Танымал
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) спортшылардың жаңа рейтингін жариялады.
Әлемнің бірінші ракеткасы атағы бұрынғыша румыниялық Симона Халепке бұйырды. Екінші орында даниялық Каролин Возняцки тұр, үшінші орында - Германия өкілі Анжелик Кербер.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бес саты төмендеп, 55-орынға тұрақтады. Тағы бір жерлесіміз Зарина Дияс та 5 саты төмен сырғыды. Енді ол 65-орында тұр.
Ал жұптық разрядта Галина Воскобоева бір саты төмендеп, 93-орынға орналасты.