23.07.2018, 11:57 713 Путинцева мен Дияс WTA рейтингінде өз орындарын сақтап қалды

Теннисші арулар қауымдастығы өкілдері рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды.

Үздіктер үштігі өзгеріссіз қалды: Румыния спортшысы Симона Халеп әлі де көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарға даниялық Каролин Возняцки мен АҚШ теннисшісі Слоан Стивенс жайғасты.

Қазақстандық Юлия Путинцева 53-ші орнын сақтап қалды. Тағы бір отандасымыз Зарина Дияс сол қалпы 63-ші орында тұр. ТОП-100-ге жақын қалған еліміздің споршыларының бірі Елена Рыбакина 10 орынға көтеріліп, 189-шы орынға орналасты.

Жұптық разрядта Галина Воскобоева 129-шы орыннан 111-ші орынға жоғарылай түсті.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал