26.02.2018, 10:00 931 Путинцева өз рейтингін жақсартты

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) ойыншылардың жаңа рейтингін шығарды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Айтылған рейтингте румыниялық теннисші Симона Халеп көш бастаса, екінші орынға Дания елінің өкілі Каролин Возняцки жайғасты. Ал, үздік үштікті испаниялық Гарбинье Мугуруса қорытындылады.

Бұл тізімде еліміздің бірінші ракеткасы Зарина Дияс өз орнын сақтап қалды. Қазақстандық теннисші 54-ші орынға табан тіреп тұр. Ал, Юлия Путинцева төрт сатыға көтеріліп, 79-шы орынға шықты. Сондай-ақ, жұптық разрядтағы Қазақстанның жалғыз өкілі Ярослава Шведова 22 позицияға төмен түсіп, 77-ші орынға жайғасты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал