11.06.2018, 10:01 787 Путинцева «Ролан Гарростағы» сәтті өнерінен кейін WTA рейтингінде жоғары өрледі

Фото - РИА

Әйелдер теннисі ассоциациясы (WTA) спортшылардың жаңартылған рейтингін шығарды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Жаңа тізім «Ролан Гаррос» турнирінің қорытындысы бойынша шықты.

Алғашқы үштік сол қалпында қалды. Симона Халеп көш бастаса, оның артынан Каролин Возняцки келеді, үшінші – Гарбинье Мугуруса.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс 51-ші орыннан 45-ке көтерілді. Ал, Юлия Путинцева керемет көрсеткішке қол жеткізіп, 98-ші орыннан 56-шы сатыға өрледі.

Еске сала кетейік, Путинцева Францияның ашық чемпионатында 1/4 финалға дейін жетіп, америкалық теннисші Мэдисон Кизге 6:7, 4:6 есебімен жол берген еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал