24.04.2018, 17:21 894 Путинцева Стамбулдағы турнирдің 1/8 финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 83-ші орында) Стамбулдағы турнирдің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Путинцева айтылған доданың 1/16 финалында румыниялық теннисші Сорана Кырстямен (34) кездесті.

Алғашқы сетте Юлия қарсыласынан 0:6 есебімен жеңілді. Ал, екінші сетте жерлесіміз кеткен есені қайтарып, румыниялықты 6:1 есебімен ұтты.

Шешуші партияда Путинцева бірнеше сәтті брейк жасап, Сорананы тағы да ойсырата жеңді. Есеп – 6:0.

Енді турнирдің 1/8 финалында отандасымыз Айла Аксу (Түркия) мен Полин Парментье жұбының жеңімпазымен жолығады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал