05.07.2018, 20:58 684 Путинцева Уимблдонның екінші айналымында жеңіліп қалды

 


Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 53-орында) Уимблдон турнирінің 1/32 финалында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Жерлесіміз ресейлік Дарья Касаткинамен (14) бақ сынады. Ресейлік спортшы осы кездесуде айқын басымдыққа жетіп, 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Еске сала кетейік, Путинцева Ұлыбритания ашық чемпионатының бірінші раундында Польша өкілі Магда Линетті жеңген болатын.

Уимблдонның екінші айналымына өткен Путинцева 63 000 фунт стерлинг сыйақыға ие болған.

Айта кетейік, дәл қазір Михаил Кукушкин испаниялық Рафаэль Надальмен ойнап жатыр, ал Зарина Дияс жарақатына байланысты жарыс жолынан шығып қалған.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал