30.07.2018, 11:20 977 Путинцева WTA рейтингінде жоғарылады

Теннисші қыздар қауымдастығы өкілдері рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Румыния спортшысы Симона Халеп рейтингте маңайына ешкімді жолатар емес. Одан кейінгі орындарға даниялық Каролин Возняцки мен АҚШ теннисшісі Слоан Стивенс жайғасты.

Қазақстандық Юлия Путинцева тізімде бір саты жоғарылап, 52-ші орынға көтерілді. Тағы бір отандасымыз Зарина Дияс сол қалпы 63-ші орында тұр.

Жұптық разрядта Галина Воскобоева үздік 100 теннисшінің қатарына еніп, 92-ші сатыға өрмеледі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал