19.07.2018, 23:26 2281 Qazsport Денис Теннің қазасына байланысты хабар тарату кестесін өзгертеді

Qazsport телеарнасының басшылығы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасына байланысты хабар тарату кестесін өзгертеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM».

Бүгін 23:10-нан түнгі 02:00 дейін Денис Тенді еске алу үшін спортшыға қатысты мұрағаттағы бағдарламалар телеарна эфирінен беріледі. Әуелі оның ірі спорттық іс-шаралардың алдында берген сұхбаттары көрсетіледі.

23:10 - «Олимпиадалық қонақ»

23:25 - Qazsport-та қонақта

23:45 - Универсиада қонағы

Ал сосын көрермен Денис Теннің 2017 жылғы Универсиадада көрсеткен өнерін тамашалай алады. Қысқа және ерікті бағдарламалары ұсынылады. Трансляцияның басталу уақыты - 00:10.

Денис Тенді еске алу бағдарламаларының кестесі мынадай:

08:05 - 4 құрлықтың турнирі. Сеул. Ерлер. Қысқа, ерікті бағдарлама.

12:55 - «Олимпиадалық қонақ». Студиялық бағдарлама

17:45 - Qazsport-та қонақта.

20:35 - Әлем чемпионаты. 2015 жыл. Ерлер. Қысқа, ерікті бағдарлама.

21:45 - Олимпиада ойындары-2014. Ерлер. Қысқа, ерікті бағдарлама.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал