03.09.2018, 12:14 928 «Qazsport» телеарнасы ұлттық спорт түрлері көрсетілімдерінің көлемін ұлғайтады

Бүгін Астанада «Chaplin» кинотеатрында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының күзгі телевизиялық маусымының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Qazsport телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Шарада «Qazaqstan», «Qazsport» және «balapan» телеарналарының жетекшілері жаңа маусымдағы жобалармен таныстырып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.

«Qazaqstan» және «Qazsport» арналарының жаңа телевизиялық маусымының негізгі жаңалығы - «Qazaqstan FIGHTER» бірегей реалити-шоуы. Жоба мақсаты - спорт пен бәсекелестік рухты, салауатты өмір салтын дамытумен қатар, MMA кәсіби спорт түрін кеңінен насихаттау. Мұндай бірегей жоба қазақстандық телевизия нарығында алғаш рет ұсынылмақ. Әділқазылар құрамын танымал спортшылар, бапкерлер, Олимпиада чемпиондары құрайды.

Айта кетейік, «Qazsport» телеарнасы спорт әлеміндегі басты және ауқымды шараларды көрсетуді жалғастырады. Жақын арада спортсүйер қауым Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін, ал желтоқсан айында Қанат Ислам және Мейірім Нұрсұлтановтың қатысуымен өтетін жекпе-жектерді тамашалай алады. Сонымен қатар, телекөрермендер әдеттегідей Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы, УЕФА ойындарын, ҚХЛ ойындарын, «Барыс» хоккей клубының ойындарын, Қазақстан Премьер-Лигасын, футболдан Қазақстан Кубогын, күрестен және дзюдодан Әлем чемпионаттарын көретін болады. Одан бөлек, «Qazsport» телеарнасы ұлттық спорт түрлерін насихаттап қана қоймай, көрсетілімдерінің көлемін ұлғайтуды көздеп отыр.

Бүгін Астанада «Chaplin» кинотеатрында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының күзгі телевизиялық маусымының таныстырылымы өтті. Шарада «Qazaqstan», «Qazsport» және «balapan» телеарналарының жетекшілері жаңа маусымдағы жобалармен таныстырып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті. «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарының жаңа телевизиялық маусымының негізгі жаңалығы - «Qazaqstan FIGHTER» бірегей реалити-шоуы. Жоба мақсаты - спорт пен бәсекелестік рухты, салауатты өмір салтын дамытумен қатар, MMA кәсіби спорт түрін кеңінен насихаттау. Мұндай бірегей жоба қазақстандық телевизия нарығында алғаш рет ұсынылмақ. Әділқазылар құрамын танымал спортшылар, бапкерлер, Олимпиада чемпиондары құрайды. Айта кетейік, «Qazsport» телеарнасы спорт әлеміндегі басты және ауқымды шараларды көрсетуді жалғастырады. Жақын арада спортсүйер қауым Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін, ал желтоқсан айында Қанат Ислам және Мейірім Нұрсұлтановтың қатысуымен өтетін жекпе-жектерді тамашалай алады. Сонымен қатар, телекөрермендер әдеттегідей Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы, УЕФА ойындарын, ҚХЛ ойындарын, «Барыс» хоккей клубының ойындарын, Қазақстан Премьер-Лигасын, футболдан Қазақстан Кубогын, күрестен және дзюдодан Әлем чемпионаттарын көретін болады. Одан бөлек, «Qazsport» телеарнасы ұлттық спорт түрлерін насихаттап қана қоймай, көрсетілімдерінің көлемін ұлғайтуды көздеп отыр.

қайнар көз: https://kazsport.kaztrk.kz/news/qalgandary/qazsport-telearnasy-ulttyq-sport-turleri-korsetilimderinin-kolemin-ulgaitady-117857
Кез келген материалды қолданған жағдайда мына сілтеме көрсетілуі тиіс https://kazsport.kaztrk.kz
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал