05.07.2018, 11:38 842 QTT джитсерлары Америкадан елге оралды

 

Qazaqstan Top Team өкілдері Арлан Шабдарбаев пен оның ұлы Арнур Шабдар алтын және күміс медальдармен Алматыға оралды.

Олар джиу-джитсудан Невада штатындағы Лас-Вегаста өткен American National IBJJF Jiu Jitsu Championship атты айтулы додаға қатысты.

Халықаралық Алматы  әуезжайында  жеңімпаздарды оның достары мен әріптестері қуанышпен қарсы алды. 

Қоңыр белбеу иегері Арлан Шабдарбаев 77 келі салмақта  мастер-3 дивизионында алтыннан алқа тақты. Ол финалда Райан Роузендэйлді, ал, «абсолютте» Эрик Эндрюді ұтқан болатын.

Сонымен қатар, осы жарыста өзге де қазақстандықтар өз бақтарын сынап, жүлделі орындарға ие болды. QTT клубынан Төлеген Құмаров (Master 1, brown belt) пен Қалдар Абдықабыл (No Gi) алтынға, Рахмет Садырбай, Қалдар Абдықабыл күмісті қанжығасына байлады. Сондай-ақ, басқа клубтың  атынан бір мен екінші орынды қыздар арасында Мөлдір Мекенбаева және қола жүлдені Алуа Дүйсенбек жеңіп алды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал