13.07.2018, 15:48 665 Раимова күрестен Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі ІІІ Жасөспірімдер Олимпиадасына лицензия жеңіп алды деп, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Нилуфар Раимова 49 келі салмақта Буэнос-Айресте (Аргентина) өтетін Жасөспірімдер Олипиадасында ел намысын қорғайды.  Нулифар мамыр айында Ташкентте өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын. Ал күрес түрлеріндегі жолдама тек бірінші орын иемденген спортшыға ғана беріледі.

Жапондықтар бес салмақтың барлығында да жеңімраз атанған соң, біреуінен бас тартуға мәжбүр болған. Осылайша, жапониялық команда 49 келідегі балуан Акари Фуджинамиді Олимпиадаға апармаймыз деп шешеді. 

Осы салмақта күміс жүлдегер атанған өзбекстандық Шохида Ахмедова да  жолдамадан бас тартып, жартылай финалда болашақ чемпионнан жеңілген Нилуфар Раимова лицензияға иелік етті.

Айта кетейік, Жасөспірімдер Олимпиадасы 6-18 қазан аралығында Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал