22.03.2018, 18:17 1299 Рақымғалиев Миланда өтіп жатқан әлем біріншілігінің қысқа бағдарламасында 32-ші орын алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев Италияның Милан қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің қысқа бағдарламасында 32-ші орын алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 61.19 ұпай жинап, еркін бағдарламадан тыс қалды.

Қысқа бағдарламадан кейін көш басында америкалық Натан Чен (101.94). Екінші сатыда ресейлік Михаил Коляда (100.08) жайғасса, үздік үштікті тағы бір америкалық Винсент Чжоу (96.78) қорытындылап тұр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал