30.10.2018, 7:11 5595 «Реалдың» бас бапкері Хулен Лопотеги қызметінен босатылды

Испаниялық «Реал» футбол клубының бас жаттықтырушысы Хулен Лопотеги отставкаға кетті. Бұл туралы мадридтік клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.

Әзірге команданың бас бапкері қызметін Сантьяго Солари уақытша атқара тұрады.

Еске сала кетейік, Ла Лиганың оныншы тур ойынында «Барселонамен» кездескен «Реал» 5:1 есебімен ойсырай жеңілген болатын. 10 турдан кейін мадридтік клуб 14 ұпаймен чемпионатта 9-шы орында тұр. Ойыннан кейін Хулен Лопотеги жұмыстан кету жөнінде ойланып жүргенін, бірақ ол шешімді өзі қабылдамайтынын жеткізген еді.

Ал дүйсенбі күні директорлар кеңесінің жиналысын өткізген «Реал» 52 жастағы бапкермен келісімшартты бұзу жөнінде шешім қабылдады. Жалпы, Лопотегидің командаға келгеніне 4 ай енді толған. Испан БАҚ-тарының мәліметінше, «Реалдың» бас бапкері қызметіне италиялық Антонио Конте келуі мүмкін.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал