01.10.2018, 11:00 873 Регбиден Қазақстан құрамасы Инчхондағы Азия турында күміс жүлдегер атанды

Регбиден Қазақстан әйелдер командасы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия турының екінші кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы турнир барысында Жапониядан ғана жеңілді. Есеп – 17:12.

Финалға дейін біздің команда Қытайды 29:5, Гонконгты 26:14, Таиландты 17:0 есебімен тізе бүктірген болатын. 

Бір айта кетерлігі, Азия турының бірінші айналымында Қазақстан Қытайға есе жіберген еді. Бұл жолы айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, Азия турының бірінші кезеңінде Қазақстан құрамасы үшінші сатыдан көрінді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал