22.06.2018, 12:54 817 Ресейлік теннисші Лена Рыбакина Қазақстанның намысын қорғайтын болады

Жасөспірімдер арасындағы Roland-Garros және Australian Open жартылай финалына шыққан ресейлік Елена Рыбакина Қазақстанның намысын қорғау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Биыл теннисші өзін жақсы жағынан көрсетіп, ТОП-200-ге (191-орын) іліккен. Бұл нәтиже арқылы Елена қазірдің өзінде Зарина Диас (54) пен Юлия Путинцевадан (57) кейін Қазақстанның үшінші ракеткасы бола алады. Сарапшылардың айтуынша, Рыбакина биыл наурызда Қазан қаласында мансабындағы алғашқы кәсіби титулды жеңіп алған. Сондай-ақ, Елена сол турнирде жұптық разрядта бәрінен мықты екендігін көрсете білді.
Өткен аптада 19 жасқа толған Мәскеу тумасы тенниспен бес жасынан бастап айналысқан.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал