20.03.2018, 19:27 765 Ресми: «Ақтөбе» жаңа ойыншыларды тіркей алады

Бүгін Қазақстан футбол Федерациясының дауларды шешу Палатасының отырысында, «Ақтөбеге» ойыншыларды тіркеуге салынған тыйымның алынып тасталуы жайлы ФИФА-ның кеңсесінен келген хатты ескере отыра, ойыншыларды тіркеуге салынған тыйым алынып тасталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, «Ақтөбе» 3-ші турдан бастап маусымаралық кезеңде командаға қосылған футболшыларымен ойнай алады.

Сонымен қатар, бір айта кетерлігі – тыйым алынып тасталу мерзімі жазға дейін. Бұл дегеніміз, клуб осы мерзімге дейін барлық қарыздарынан құтылуға міндетті. Басқалай жағдайда, тыйым күшіне қайта енетін болады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал