19.04.2018, 1:14 1131 Ресми хабарлама: «Синко де Майо» мейрамына Головкин – Мартиросян жекпе-жегі тарту етіледі

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинның 5-ші мамыр күні АҚШ-та өтетін жекпе-жегіне қарсылас табылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Головкинның шаршы алаңдағы қарсыласы болып американдық боксшы Ванес Мартиросян бекітілді. Бұл туралы ақпарат Boxrec.com сайтында және Геннадийдің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

Боксшылар орта салмақ дәрежесінде 12 раундтық кездесу өткізеді. Айтылған ұрыс Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында болады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал